01
март
2018
К. Әзірбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Қамқоршылық» кеңесі отырысының ХАТТАМАСЫ №3
К. Әзірбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің «Қамқоршылық» кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ №3
Өткізілген уақыты: 21.12.2017 жыл
Өткізілген уақыты: 05.10 .2017 жыл
Отырыстың төрағасы- С. Ибраева
Қатысқандар:
Мүшелері - 9
Мектеп әкімшіліген – 5
Мектеп директоры – Д.Абдиева
ОТІЖО- Ү.Ахметжанова
ТІЖО -– А.Тәттібаева, А.Құрманбаева
Әлеуметтік педагог – З.Буршакпаева
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1.Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету.
2. Мектеп ұжымына оқушыларға Жаңа жылдық мерекені өткізуге көмектесу.
3.Мұғалімдер мен ата-аналардың қиын балалармен біріккен жұмысы.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі бірінші сұрақ бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы С.Ибраева сөз алды. Өз сөзінде жаңа жыл қарсаңында және қаңтар айында өтетін «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы кезінде жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсету қажет екендігін атап өтті. Кеңес төрайымы мектепте үйден оқытылатын мүгедек балалардың , 1 -жетім бала, 1- ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, және аз қамтылған, көп балалы балалардың жаңа жылдық шырша кезінде сыйлықсыз қалмауы өздерінің азаматтық борышы екендігіне тоқталды. Сонымен қатар, қаңтар айында өтетін Республикалық «Қамқорлық» акциясы кезінде қайырымдылық жәрмеңкесін өткізіп, түскен қаржыға осы оқушыларға материалдық көмек көрсетуге жұмсасақ деген ұсыныс айтты. Ұсынысты кеңес мүшелері толықтай құптады.
2. Екінші сұрақ бойынша төрайым орынбасары Ж.Неспбаева тыңдалды. Ол өз кезегінде жаңа жылдық шырша мерекесін өткізу кезінде мектеп ұжымына көмектесіп, оқушыларға жақсы бір мейрам ұйымдастыруға ат салысатындықтарын айтып өтті. Сонымен қатар, жаңа жылдық шыршаны ұйымдастыру кезінде демеушілер тарту арқылы жылдың үздік спортшы, жылдың үздік әнші, жылдың үздік оқушылары сынды номинациялар арқылы дарынды және талантты оқушыларды марапттау ұсынылды. Бұл ұсынысты кеңес мүшелері толық қолдады.
3.Үшінші сұрақ бойынша Кеңес төрайымы Қиын оқушылардың пайда болу себептерінің ата-анаға байланысты жақтары» атты баяндама оқып, қиын балалармен қандай жұмыс атқару керек және оларды дұрыс жолға қоюына ата-аналардың көп көмегі керегі екендігіне тоқталып өтті. Ал әр сынып жетекшілері ата-анамен тығыз байланыс жасап, қиын оқушылардың тәртібі мен мінез-құлықтары, сыныптан тыс іс-шараларға қатыстыруына назар аудару туралы айтты. Және бұл іске Кеңес отырысына шақырылып отырған ата – аналар комитетінің төрайымын бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Өз кезегінде ата – аналар комитетінің төрайымы бұл бірлесе жүргізілген жұмыстың міндетті түрде нәтижелі болатынын айтып өтті.
ШЕШІМІ :
1. Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушылардың Жаңа жылдық шырша мерекесіне қатысуы қамтамасыз етілсін.
2. Республикалық «Қамқорлық» акциясы кезінде қайырымдылық жәрмеңкесі өткізіліп, түскен қаражатқа жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық көмек көрсетілсін.
3. Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастыру және өткізу барысында дарынды және талантты балалар марапатталсын.
4. «Мектеп және отбасы» байланысы арқылы одан әрі жұмыс нығайтылсын.
Кеңес төрайымы С.Ибраимова
Кеңес хатшысы М.Рисбекова