18
апрель
2022
Оқушы жетістігі – мұғалім еңбегінің нәтижесі
«Қазақстан ұлы держава болуы үшін бізге күш-қуатты, мол ақылды да ойлы, дарынды жастар керек» – деген Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың сөзі әрдайым жадымызда болу керек. Мұғалім – мектептің айнасы, өмір бәйтерегінің тереңге тартқан тамыры. «Ұстазы мықтының ұстанымы мықты» демекші, бүгінгі жылдам дамып, өзгеріп отырған қоғам талаптарына сай, лайықты ұрпақ тәрбиелеу-парызымыз. Білімді ұрпақ қалыптастыра алған мемлекет қана талабы мен талғамы күн санап жоғарылап отырған мына заманның бар қиындығын тізе бүктіріп, әлемді мойындата алады.





