Мектеп асханасы туралы мәлімет » 'К. Әзірбаев атындағы орта мектеп' коммуналдық мемлекеттік мекеме
Алматы облысы
Қарасай ауданы білім бөлімінің
"К.Әзірбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 43-50-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
февраль
2020

Мектеп асханасы туралы мәлімет


«К.Әзірбаев атындағы орта мектеп»КММ

Мектеп асханасы туралы мәлімет
2019-2020 оқу жылы


Мектептің асханасы 30 орындық.Тамақ пісіру, азық түлік сақтау бөлмелері бар. Асхананы жалға алушы кәсіпкер Акбаева Гүлім. 2019-2020 оқу жылында 1-4 сыныптардан 69 оқушы, 5-11 сыныптардан 51 оқушы (көпбалалы отбасынан 60 оқушы,аз қамтылған отбасынан 60 оқушы,оның ішінде 10 жартылай жетім) бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр. Асхана аптасына 5 күн: бірінші және екінші ауысымда жұмыс істейді.Бірінші ауысымда 66 оқушы,екінші ауысымда 54 оқушы тегін тамақтанады.Күнделікті тамақ пен ас мәзірін және оның берілуін мектеп медбикесі Р.Тулеева және әлеуметтік педагог З.Бұршақпаева қадағалайды.Тамақтану бірінші ауысымда сағат 10.10-10.20 аралығында, екінші ауысымда сағат 15.40-15.50 аралығында кезекші мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің көмегімен жүзеге асырылады.Бір балаға арналған тамақтың құны 299,04 теңге. Мектепте жұмыс жасап отырған асхана санитарлық ереже талабына сай.Технологиялық құралдармен, тамақ пісіретін қажетті электр плиталары, ыдыс аяқтар және тоңазытқыштармен қамтылған. Асхананың материалдық -техникалық базасы жақсы деңгейде.Қойма бөлмесі, мұздатқыш жұмыс жасап тұр. Тамақ асханада дайындалады. Асханада 1аспазшы,1кассир,1 наубайшы,1 ыдыс жуушы,1 еден жуушы қызмет етеді.Аспаздың кәсіптік білімі бар. Жасөспірімдердің тамағының нәрлілігі мен құрамы талапқа сай болуы үнемі басты назарда. Асханада ас мәзірінің орны белгіленіп, күнделікті берілетін дәруменді тамақтар мен жеміс жидектердің ауысып келіп отырылуын мектеп әкімшілігі басшылықта ұстайды.Тамақ пісіруде йодталған тұз пайдаланылады. Сүт өнімдері де белгіленген нормаға сәйкес берілуде. Экологиялық таза сумен қамтылған.Асхананың жұмыс істеуіне қажетті бұйрықтар шығарылып,ыстық тамақпен қамтылған оқушылар тізімі мен тамақтану кестесі жасақталды.




Мектеп директоры Д.Абдиева










Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив