28
декабрь
2018
К.Әзірбаев атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі Қамқоршылық кеңесінің жылдық жұмыс жоспары 2017-2018 оқу жылы
«К.Әзірбаев атындағы орта мектеп»КММ
Қамқоршылық кеңесі отырысының
ХАТТАМАСЫ № 3
Күні :28.12.2018 жыл Райымбек ауылы
Қатысқандар:12
Мектеп әкімшілігі-3
Кеңес мүшелері-9
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. «Қамқоршылық»кеңесінің жұмыс жоспарын талқылау.
2. «Қамқоршылық»кеңесінің алдындағы білім ұйымының басшысының есебін тыңдау.
Тыңдалды:
1.1. Бірінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Умбетаева Сандуғаш сөз алып, қамқоршылық кеңес отырысы жоспар бойынша уақытылы өтіп жатқандығын айтты. Аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсету жолдары қарастырылуы керек екендігі және мектепішілік іс-шараларға қолдау керектігі атап өтілді.Демеушілерді тарту мәселесі қарастырылды.
2.1.Екінші мәселе бойынша білім ұйымының басшысы Абдиева Динагүл Талдыбайқызы сөз алып, мектептің оқу-тәрбие жоспарымен қысқаша таныстырды.Мектепте бір тұл жетім,49 жартылай жетім,104 аз қамтылған,113 көпбалалы отбасынан шыққан оқушы бар екендігі атап өтілді. Мектеп асханасынан арендатор есебінен бір мезгіл тегін ыстық тамақпен 105 оқушы қамтылған. «Мектепке жол» акциясы аясында барлығы 36 рет рейд ұйымдастырылып,оған 119 адам жұмылдырылды деді.Сонымен қатар әлеуметтік көмекке мұқтаж 30 оқушыға демеушілер тарапынан жалпы сомасы 140 000 теңгеге материалдық көмек көрсетілді.Мектеп әкімшілігі тұл жетім оқушы Қалиақпаров Бекжанды мектеп формасымен қамтыды.Желтоқсан айында аудандық білім бөлімінің басшысына ЖБББ қорынан 13 оқушыны қыстық киіммен қамтамасыз ету үшін сұраныс жіберілді.Аз қамтылған оқушылардың ішінен бір бала аудан әкімінің, он бала ауылдық округі әкімінің шыршасына қатыстырылып,сыйлықтар берілді.Бірінші жартыжылдықта аталған мектептің 6 «Г» сынып оқушысы Басманова Тоғжанның үйіне бірнеше рет рейд ұйымдастырылып,тұрғын-жайын зерттеу актілері жүргізілді.Бұл оқушыға мектеп әкімшілігі тарапынан үнемі материалдық көмек көрсетіліп отырады.
Шешімі:
Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары ҚР «Білім туралы» Заңының 44- бабы 9-тармағына сәйкес құрылған қамқоршылық кеңестің қызметі және қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері білім беру ұйымдарына жарғылық мақсаттарын жүзеге асыруда,қаржылық қамтамасыз етуде және білім беру ұйымын одан әрі дамытуға жәрдемдесу болып табылсын.
Қамқоршылық кеңестің төрайымы С.Умбетаева
Хатшы З.Бұршақпаева
Теги:
қамқор3